kp.ru басылымының жазуынша, Нидерланд спортшысының қайтыс болғанын оның отбасы әлеуметтік желіде хабарлаған. Грасмейер 2026 жылғы 16 қарашада 33 жасында көз жұмған. Өлімінің себебі жарияланған жоқ.
2013 жылы Грасмейер 20 жасында Грекияның Каламата қаласында 90 метр тереңдікке сүңгіп, әлемдік рекорд орнатты. Сол кезде ол фридайвингтен әлем рекордын жаңартқан ең жас әйел атанды.
Алайда бірнеше күннен кейін әлем чемпионатында ресейлік Наталья Молчанова 91 метрден астам тереңдікке сүңгіп, бұл нәтижеден асып түсті.
2016 жылы Грасмейер 92 метр тереңдікке сүңгу арқылы әлемдік рекордын қайта жаңартты. Бұл нәтиже екі жыл бойы сақталды.
Еске салайық, бұған дейін "Әлем аруы – Вьетнам – 2026" байқауын ұйымдастырушылар келісім талаптарын бұзғаны үшін жеңімпаздың титулынан айырғаны белгілі болған еді.