Oxu.Az басылымының жазуынша, Каур бұл шешімнің өзі үшін эмоционалдық тұрғыдан оңай болмайтынын, сонымен қатар өміріндегі жаңа кезеңге бастайтын толғандырарлық қадам екенін мойындаған.
Оның айтуынша, сақалсыз өзін көру қызық болғанымен, сырт келбетін өзгертуге асықпайды. Британдық әйел жаңа бейнесін оған дайын болған кезде ғана көпшілікке көрсетпек.
Каур бұл шешімді ең алдымен өзінің қалауымен қабылдағанын, өзгелердің пікіріне тәуелді емес екенін атап өтті. Оның сөзінше, сырт келбеті қандай болса да, сынайтын адамдар бәрібір табылады.
Британдық әйелдің сақалы жасөспірім кезінде аналық бездердің поликистоз синдромына байланысты өсе бастаған.
2015 жылы Харнаам Каур 24 жас 282 күнінде сақалы толық өскен ең жас әйел ретінде рекорды ресми түрде тіркеліп, Гиннес рекордтар кітабына енді.
Еске салайық, бұған дейін Индонезия спортшысы бір минут ішінде шәркеймен 249 рет секіріп, Гиннес рекордтар кітабына енгені туралы жазған едік.