Чемпионат басылымының жазуынша, миллионға жуық адам жаңа GTA ойынын күніне орта есеппен 10 сағаттан ойнап жүр. Олардың арасында Xbox пайдаланушылары PlayStation иелеріне қарағанда көбірек болған.
Әзірлеушілердің мәліметінше, ойынның негізгі сюжеттік желісін аяқтауға 80 сағатқа дейін уақыт кетуі мүмкін.
GTA VI ойынының релиздік нұсқасын әлемде алғаш болып Жаңа Зеландиядан шыққан стример BrycexD аяқтаған. Ол бұған 39 сағат 38 минут жұмсаған.
Ал iShowSpeed ойынды толық өтуге 52,5 сағат уақытын арнаған. Бұл көрсеткішке қосымша тапсырмалар емес, тек негізгі сюжеттік науқан кіреді.
Еске салайық, бұған дейін GTA VI ойынына қатысты дүрбелеңнің қазақстандықтарды да шарпығаны туралы жазған едік.