Whatsapp-қа біршама өзгеріс енгізілді

Сурет: pixabay
3 қарашадан бастап WhatsApp "Қауымдастық" қызметін, көп адамға бірдей бейнеқоңырау шалу, чаттарда сауалнамалар мен үлкен топтар құру мүмкіндігін іске қоса бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әзірлеушілердің сөзінше, бірнеше айдан кейін бұл функциялар барлық пайдаланушыларға қолжетімді болады.

Олардың пікірінше, қауымдастық (мысалы, аудан тұрғындары, мектеп оқушыларының ата-аналары, жұмыстағы әріптестер) мүшелері енді WhatsApp-та топтық хат алмасуға мүмкіндік беретін көптеген топты бірден біріктіре алады.

Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін "Жаңа қауымдастық" қосымша парағын ашу керек. Ол Android жүйесінде чат тізімінің үстінде немесе iOS жүйесінде оның астында орналасқан.

Мұнда сіз жаңа қауымдастық жасай аласыз немесе қауымдастыққа бар топтарды қоса аласыз.

Қауымдастықтың мүшесі бола отырып, қажетті ақпаратты іздеу үшін ондағы топтар арасында оңай ауыса аласыз және әкімшілер маңызды жаңалықтарды осы қауымдастықтың барлық мүшесіне жібере алады.

Тағы үш функция іске қосылады:

Бұл мүмкіндіктердің барлығын кез келген топта қолдануға болады (эмодзи реакциялары, үлкен файлдарды ортақ пайдалану және әкімші жою сияқты), бірақ әсіресе қауымдастықтар үшін пайдалы.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі