Қазақстанның әскери қызметшілері биыл 84 мыңнан астам оқу-жаттығуға қатысты

Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығында армияның ұдайы жауынгерлік әзірлігін қолдау, әскердің жауынгерлік ептілігін арттыру, әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету және жеке құрамның жоғары моральдық-жауынгерлік рухын қолдау жөнінде жүйелі жұмыс жүргізілді.

Қорғаныс министрлігі атап өткендей, әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қажетті стратегиялық және бағдарламалық құжаттар қабылданды. Мәселен, 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының «Елдің қорғаныс қабілетін нығайту» бөлімі, Ел қорғанысының жаңа жоспары құжаттарының жиынтығы, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарының құрылысы мен оны дамытудың 2030 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасы әзірленді.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының басшылығымен стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу өткізілді.

Әскери ведомство қызметінің басым бағыты оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекет басшысы «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын бекітті. Тыйым салынған аймақтар мен аудандарға байланысты қатынастар заң жүзінде реттелді.ҚР Қорғаныс министрлігі

Министрлік әскерлерді жоспарлы түрде қайта жарақтандыру аясында жаңа және жаңғыртылған қару-жарақ пен әскери техника үлесінің артқанын тілге тиек етті.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар жеке құрамның денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында коронавирусқа қарсы вакцинация аяқталып, ревакцинация басталғаны хабарланды.

«Ұлы дала әскері – Тәуелсіздік тірегі» ұранымен әскери қызметшілер 84,5 мың оқу-жаттығу мен жауынгерлік оқ ату жаттығуларына қатысты, парашютпен 17,5 мыңға жуық секіруді, 762 жазғы ауысымды, 150 теңізге шығуды, 1 200-ден астам далалық жорықтарды орындады.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Министрліктің хабарлауынша, «Алтын жебе» арнайы операциялар күштерін кешенді тексеруі ұйымдастырылған.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

2021 жылы Қазақстан армиясының бөлімшелері «Қалқан» бірлескен жедел-тактикалық, «Бекет» кешенді, «Отпантау» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуларына қатысты.ҚР Қорғаныс министрлігі

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, халықаралық форматта қазақстандық әскери қызметшілер ҰҚШҰ, ШЫҰ, НАТО аумағының және екі сегментте Қытаймен, Пәкістанмен, Ресеймен, Өзбекстанмен және басқа да бірқатар мемлекеттермен оқу-жаттығуларға қатысты.

Әскерилер шиеленісті жағдайда Кабулдан азаматтарымызды эвакуациялау операциясын жүзеге асырды. Қазақстанның әскери қызметшілері Армия халықаралық ойындарында табысты жауынгерлік сайыс түрін көрсетті. Қазақстан контингентінің БҰҰ-ның Ливандағы бітімгершілік және Батыс Сахарадағы әскери бақылаушылар миссиясына қатысуы жалғасуда.ҚР Қорғаныс министрлігі

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау мемлекеттің басты басымдықтарының қатарында екенін айта келе, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2021 жылдан бастап лауазымдық жалақы 35%-ға өскенін атап өтті. Жалақының кезеңмен өсуі 2023 жылға дейінгі аралықты қамтиды.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Заң жүзінде резервтегі қызметке, әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге, материалдық-техникалық қамтамасыз етуге және басқа да өзекті мәселелерге қатысты нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

2021 жылы армия спортшылары 110-нан астам маңызды халықаралық және республикалық спорттық жарыстарға қатысып, 179 алтын, 99 күміс және 89 қола медаль олжалады.

2022 жыл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл болып жарияланды. Ел әскеріндегі жауынгерлік сайыстар «Қарулы Күштердің 30 жылдығына – біздің ерен еңбегіміз!» ұранымен өтеді.

 

Қазақстан Бектанов Мұрат
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: