Қазақстанда ҰҚШҰ-ның әскери жаттығулары өтеді

Сурет: gov.kz
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров брифинг өткізді. Бейнеконференция байланысы режимінде өткен брифингке ҰҚШҰ-ға мүше елдер қорғаныс ведомстволарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz

Брифинг барысында 2021 жылғы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының қызметі қорытындыланды. Бірлескен іс-шараларда ҰҚШҰ жауапты аймақтарда дағдарыстық жағдайларға ден қою тетіктерін жетілдіруде де, оларды шешуге Ұйымның әскерлерін (ұжымдық күштерін) қолдануда да өте ауқымды міндеттер пысықталғаны атап өтілді. Одан өзге ұлттық контингенттердің ұжымдық қауіпсіздікке төнетін сын-тегеуріндерді бейтараптандыру тапсырмаларын бірлесіп орындау дайындығы да көрсетілді.

2022 жылға арналған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жоспарында бірлесіп өтуге тиісті бірқатар шаралар бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында барлау күштері және құралдарының «Іздеу-2022» арнайы оқу-жаттығуын, «Эшелон-2022» материалдық-техникалық қамтамасыз ету күштері және құралдары арасындағы арнайы оқу-жаттығуын, Ұжымдық қауіпсіздіктің Орталық Азия өңіріндегі дағдарыстық жағдайды реттеу тапсырмаларын пысықтайтын ҰҚШҰ ұжымдық жедел ден қою күштері арасындағы «Өзара іс-қимыл-2022» командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда.

Брифинг барысында ҰҚШҰ форматындағы әскери ынтымақтастықтың айрықша қорғаныс сипаты атап өтілді.

Сөз соңында, генерал-полковник Анатолий Сидоров бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты