Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қалдықтары жойылады

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Оқ-дәрі бөлшектері арнайы жабдықталған жер асты пештерінде өртеледі. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасы аумағында оқ-дәрі қалдықтарын жоюға арналған құрылғылар жабдықталған.

Барлық жұмыстар қауіпсіздік нормалары мен талаптарын қатаң сақтай отырып ұйымдастырылды. Жергілікті тұрғындар мен маңайдағы шаруа қожалықтарына төнетін қауіп жоқ. Оқ-дәрі қоймасындағы оқиғалардың салдарын жою жұмыстары туралы ақпараттандыру жүргізіліп, жергілікті тұрғындарға алдын ала хабарланды. ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, инженерлік оқ-дәрілердің бір бөлігін арнайы жабдықталған алаңға шығарып, жою жоспарланған. Ол орындар жергілікті биліктің шешімімен елді мекендерден де, шаруа қожалықтарынан да жырақ орналасқан. Ең жақын деген шаруа қожалығы бір жарым шақырым қашықтықта орналасқан.

Жару жұмыстары кезінде инженерлік оқ-дәрілердің алыс қашықтыққа ұшу қаупі жоқ екенін айта кеткен жөн.

Әзірге жару жұмыстары басталған жоқ. Жергілікті атқарушы органдар бұл жөнінде тұрғындарды алдын ала хабардар ететін болады.ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін