Еске салайық, Мадияр Қайсаров қайғылы қаңтар оқиғасында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан еді. Шерушілер әскери жүк көлігін тартып алып, оны сарбаздарға жөнелтті. Осы кезде Мадияр әріптестерін итеріп жіберіп, өзі КамАЗ астына түсіп қалған.
Батырдың ата-анасы ұлына көрсеткен құрметі үшін облыстық білім басқармасы мен балалар ауылының ұжымына алғысын білдірді.
Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі хабарлауынша, есім беру рәсіміне облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова, әскери прокуратура өкілдері, Ұлттық ұлан 5547 әскери бөлімінің қолбасшылығы, әскери қызметшінің ата-анасы және балалар ауылының тұрғындары қатысты.
Ақзира Қасымова қаза болған жауынгердің есімін үйге беру батырға деген құрметтің белгісі екенін, мұндай қадам жастарымыздың патриоттық сезімін оятып, Отанға деген сүйіспеншілігін оятатынын айтты.
Сонымен қатар шараға 5547 әскери бөлімінің командирі, подполковник Төлеби Чубаев, Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ерлан Әбдікәрімов және Қызылорда гарнизоны әскери прокуроры, әділет полковнигі Ғалымжан Маханбетов қатысты.