Ведомство атап өткендей, өзгеріс әскери қызметкерлердің дайындығын сапалы ұйымдастыру мақсатында енгізіліп жатыр.
Нормативтер жобасына енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар:
«Азаматтық жастар қатарынан әскери оқу орындарына кандидаттардың» дене даярлығын бағалау тәртібі анықталды – бұрын бұл сұрақ қарастырылмаған;
«Азаматтық жастар қатарынан әскери оқу орындарына кандидаттар» санаты әскери қызметшілер санатынан бөлінді – бұған дейін нақты санаттар арасы бөлінбеген;
«Азаматтық жастар қатарынан әскери оқу орындарына кандидаттарға» арналған жаттығулар айқындалды (100 м жүгіру қосылды) – бұрын кейбір жаттығулар қарастырылмаған;
жекпе-жек ұрыс тәсілдерін орындауға тартылатын санаттар айқындалды (1 және 2 жас тобындағы әйелдерге – ЖЖК бастапқы және 8 есепке орындалатын ЖЖК кешендері, 1-5 жас тобынағы әскери қызметші ерлерге – ЖЖК бастапқы, арнайы және 8 есепке орындалатын ЖЖК кешендері) – бұған дейін кейбір жаттығулар дұрыс бөлінбеген;
кедергілер жолағында орындалатын жаттығулар нәтижелеріне ауа температурасын және киім нысанын ескере отырып түзетулер анықталды – бұған дейін кедергілер жолағында орындалатын жаттығуларға өзгертулер және киім нысанының нұсқалары болмаған.
Қорғаныс министрлігі ұсынған өзгерістерді АшықНҚА сайтынан 5 мамырға дейін оқи аласыз.