Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жатқан сарбаз көз жұмды

Сурет: Facebook/bibramazan
Бозбала осы жылдың көктемінде Маңғыстау облысынан мерзімді әскери қызметке шақырылады. Ол әскери госпитальда есін жимастан қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

22 сәуірде Жамбыл облысы Гвардейск қалашығында әскери госпитальда мерзімді әскери қызметтің қатардағы сарбазы Әлібек Қалбай қайтыс болды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Сарбаз таңертеңгі сапқа тұру кезінде есінен танып қалғаны хабарланады. Оған қажетті медициналық көмек көрсетілгенімен, ол есін жимастан қайтыс болды.

Әлібек Қалбай 2022 жылдың көктемінде Маңғыстау облысынан мерзімді әскери қызметке шақырылды.

Сарбаздың қайтыс болу фактісі бойынша тексеру басталды.

«Сарбаздың өліміне қатысты тексеру жұмыстары басталды. Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы күштердің жеке құрамы Қалбай Әлібек Саламатұлының туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - деп аталып өткен ведомство хабарламасында.

Бұған дейін марқұмның туыстары әлімжеттік туралы айтқан болатын, деп хабарлайды inAktau.

Әлібек Қалбай 13 сәуірде жедел мерзімді әскери қызметке шақырылды. Ол әскери борышын өтегісі келмеді, бірақ бұл міндетінен жалтарғаны үшін салынатын айыппұлдан сескеніп, мәжбүрлі түрде кеткен еді.

Қазір оның анасымен бірге мәйітханада отырмыз... Оны бірнеше рет сабаған, басында соққы іздері бар. Бүгін Ақтауға ораламыз. 13 сәуірде ұстап алып, әскери борышын өтеуге жіберді, 18 сәуірде әскери бөлімге келіп түсті, ал кеше таңертең бізге әскери комиссариаттан қаралы хабар келіп тұр. Марқұмның туысы Динара Тілесова

Туыстары қолға алынған тергеу әділ болады деп үміттенеді.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты