Нұр-Сұлтанда Қарулы Күштердің құрылғанына 30 жыл толуына орай жаппай жүгіру өтті

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған бұл шараға Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мыңнан астам әскери қызметшісі, елордалық әскери колледж бен «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Отан. Әскер. Жас сарбаз» деп аталатын акцияның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Мұндай ауқымды шара елордада алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жаппай жүгіру Қарулы күштердің 30 жылдығына және Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арнайы өткізіліп отыр. Оған әскери қызметшілер ғана емес, өскелең ұрпақ – болашақ Отан қорғаушылар да қатысты. Генерал-майорлар Дәулет Оспанов пен Қаныш Әбубәкіров, сондай-ақ «Жас сарбаз» қозғалысы тәрбиеленушілер легін басқарған Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың бастығы Арман Асенов тамаша үлгі көрсетті. ҚР Қорғаныс министрлігі Бас штаб бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы генерал-майор Серік Борамбаев

Қатысушылар бөлімшелер құрамында Тәуелсіздік, Момышұлы даңғылдары, Сарайшық, Түркістан және Достық көшелері бойымен «Отан қорғаушылар» мемориалдық кешенінен «Астана-Бәйтерек» монументіне дейін 5 шақырымнан астам қашықтықты бағындырды.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Мәреге жеткен қатысушыларды, елорда тұрғындары мен қонақтарын Ұлттық әскери-патриоттық орталығы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шығармашылық ұжымдары концерттік көңіл-күймен қарсы алды.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті