Гвардейск гарнизонындағы сарбаздың өліміне қатысты күдікті анықталды

Сурет: Әлібек Қалбайдың отбасы архивінен
ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Жамбыл облысының Гвардейский ауданындағы әскери қызметші Әлібек Қалбайдың қаза тапқаны туралы қылмыстық іс бойынша күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол сарбаздың бірге шақырылған әріптесі болып шықты. Ұстауға куәгердің айғақтары және зорлық-зомбылық өлім белгілері бар сот-медициналық сараптаманың нәтижелері негіз болды. Материалдар сотқа қамауға алуға бұлтартпау шарасын санкциялау үшін жіберілді. Күдіктінің іс-әрекеті адамның өліміне әкеп соққан жарғылық ережелерді бұзу ретінде сараланған (ҚР ҚК 440-бабы 4-бөлігі).Қазақстанның бас әскери прокуратурасы

Сотқа дейінгі іс жүргізу жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, сәуірдің 22-сі күні Гвардейский қалалық үлгідегі кентінің әскери госпиталінде әскерге жаңадан шақырылған сарбаз Әлібек Қалбай қайтыс болды. Сарбаз жасақтау кезінде есінен танып қалған. Алғашқы көмек көрсетілгенімен сарбазды өмірге қайтару мүмкін болмады.

Кейін ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыс басқармасының бастығы Серік Бурамбаев мерзімді әскери қызметші Әлібек Қалбайдың қазасының жай-жапсарын айтып берді.

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға, Қорғаныс министрлігіне және басқа да құзыретті органдарға жедел және мұқият тергеу жүргізуді, Жамбыл облысының Гвардейский ауданындағы мерзімді әскери қызметшінің қаза болуының нақты себептерін анықтауды тапсырған еді.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты