Бірақ жергілікті шаруа қожалықтары мал төлдейтін уақытта жарылыс ұйымдастырмауды өтінген. Сөйтіп бұл іс кейінге шегеріліпті. Бүгіннен бастап қару қалдықтарын жару ісі қайта қолға алынды. Бұл процесс елдімекендерден қашық жерде жүзеге асырылуда. Әскерилер, оның адамға да, жан-жануарға да зияны жоқ деп сендіреді. Бұл жайында жақын маңдағы тұрғындардың бәріне ескертіліпті, делінген КТК телеарнасының сюжетінде.
Қанша оқ-дәрінің көзі жойылатыны жөнінде толық мәлімет жоқ. Белгілісі, жару қараша айына дейін жалғасады. Байзақ ауданындағы қару-жарақ қоймасында жойқын жарылыс болып, 17 адам ажал құшқан. Бір әскериден әлі күнге хабар жоқ. Төтенше жағдайдың себебі де күні бүгінге дейін айтылмады.
Жару жұмысы дүйсенбіден жұмаға дейін әр күндері өткізіледі. Бір жарғанда аздан жарып жатырмыз. Өйткені жақын жатқан елдімекендердің қауіпсіздігі үшін. Бір жарғандағы тротил салмағы - 600-700 келі. №28349 әскери бөлімнің командирі Еркін Әбсадықов