Шымкентте төбелес кезінде балта ала жүгірген ер адам ұсталды

Сурет: pixabay
Ер адаммен ұрсысқан Шымкент тұрғыны оған балта ала жүгіріп, өлтіремін деп қорқытқан. Ұлттық ұланның сарбаздары оның қолындағы қауіпті затты қағып түсіріп, жанжалдасқан екеуді полиция бөлімшесіне жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкентте Ұлттық ұлан сарбаздары төбелес кезінде ер адамға балта ала жүгіріп, қоқан-лоқы көрсеткен жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Оқыс оқиға 10 маусымда "Восток" ықшам ауданында орын алды. Нарядтағы сарбаздар жанжалдасқан екі адамды байқайды. Себебін анықтау үшін оларға жақындағанда, бірінің балта ала жүгіргенін көреді. Сарбаздар ер адамның қолындағы қаруын қағып түсіріп, оны залалсыздандырды.

Біз патрульдеу бағыты бойынша көшені аралап келе жатып, екі азаматтың қоғамдық тыныштықты бұзып, жанжалдасып жатқанын байқадық. Жанжал қайғылы жағдайға айнала жаздады, біздің араласуымызға тура келді. Патрульдік топтың бастығы Оразхан Орынбасар

Аталған факті бойынша тәртіп бұзушылар ұсталып, жағдайды анықтау үшін олар Еңбекші аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды