Артур Тоқышев Ұлттық ұлан академиясының басшысы болып тағайындалды

ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісе отырып, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Артур Тоқышев Ұлттық ұлан академиясының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақанов Ұлттық ұлан Жоғарғы қолбасшылығының жеке құрамына академияның жаңа басшысын таныстырды.

Құқық қорғау әскерлерінің бас қолбасшысы полковник Артур Тоқышев әскери қызметтегі тәжірибесін пайдалана отырып, өзіне жүктелген барлық міндетті орындайтынына сенім білдірді.

Полковник Артур Тоқышевті Ұлттық ұлан жақсы біледі. 5513, 7552, 6654 әскери бөлімдерінің командирі болды. ҚР Қарулы Күштері Әскери академиясының және ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушысы болды. Артур Қалиақпарұлы Ұлттық ұлан үшін офицерлерді даярлау жөніндегі кадр саясатын қалыптастыруға және жүзеге асыруға үлкен үлес қосатынына сенімдімін, - деді Еркін Ботақанов.

Артур Тоқышев Ресей Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлері Жоғары әскери командалық училищесінің курсантынан Ұлттық ұлан Жоғарғы қолбасшылығы Бас штабы бастығының бірінші орынбасарына дейін көтерілді.

Осы жылдар ішінде Ұлттық ұланның 5513 (Тараз қаласы), 7552 (Алматы қаласы), 6654 (Қаракемер ауылы) әскери бөлімдерін басқарды, Ұлттық қорғаныс университетінің жедел өнер және тактика кафедрасының аға оқытушысы болды.

2015 жылдың қазан айынан бастап Ұлттық ұлан Жоғарғы қолбасшылығы Бас штабы бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Сон бұл күні Ұлттық ұлан Жоғарғы қолбасшылығы мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының жаңа басшысы Дінмұхамед Мырзатаев таныстырылды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: