Қостанай облысында шекара сызығы бойындағы өрт сөндіріліп жатыр

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің шекарашылары Төтенше жағдай бөлімінің күштері, әкімдіктің өкілдері және Жітіқара ауданының жергілікті тұрғындарымен бірге мемлекеттік шекара сызығы бойындағы өртті сөндіруге қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Бозбие» шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері 30-ға жуық отбасы тұратын 80 тұрғын үй құрылысы бар және шекара бөлімшесі орналасқан Волгоград кентіне қарай жылжыған өрт ошағын оқшаулады.

«Қондыбай» (автокөліктік) шекаралық бақылау бөлімшесінің әскери қызметшілері өткізу пунктінің аумағына өрттің таралуына жол бермеді. Тұрғын үй құрылыстары, қару-жарақ пен оқ-дәрілер және жанар-жағармай қоймасы орналасқан бекет іргесіне жақын келген өрт дер кезінде сөндірілді.ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Сондай-ақ, «Хозрет» шекара бөлімшесінің учаскесінде де қызыл жалын ауыздықталғаны, өрт шалған жердің жалпы аумағы 100 гектардан асатыны да айтылады.

Қостанай
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: