Қорғаныс министрлігі оңтүстікте ҰҚШҰ ұжымдық күштерінің оқу-жаттығуы болып жатқанын еске салды

Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады. Онда республиканың екі облысында оқу-жаттығулар өтіп жатқаны еске салынып, қазақстандықтарды ресми ақпаратқа сенуге шақырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылғы 26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Жамбыл, Алматы облыстарында ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерінің "Өзара іс-қимыл-2022", "Іздеу-2022", "Эшелон-2022" оқу-жаттығулары өтеді, - делінген хабарламада.

Осыған байланысты елімізге Ұйымға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келеді. Әскери техниканың қозғалысы теміржол, әуе көліктерімен және дөңгелекті техникамен жүзеге асырылады.

Бұл тұрғыда азаматтарды әлеуметтік желілерде таралатын түрлі қауесетке ермеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз.ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін