Бірінші кезеңде бас қолбасшылар мен қолбасшылардың басшылығымен соғыс уақытында әскерлерді қолданудың оқу жоспарлары нақтыланды. Аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің қатысуымен әскери міндеттілерді шақыру арқылы жұмылдыру және тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары өткізіліп, ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері пысықталды.
2022 жылғы 26 қыркүйек пен 8 қазан аралығына жоспарланған екінші кезеңде "Айбалта-2022" стратегиялық оқу-жаттығуы шеңберінде Қазақстанда бірқатар жедел-тактикалық, тактикалық, тактикалық-арнайы, ұшу-тактикалық және арнайы оқу-жаттығулары өткізіледі. Бас қолбасшылар мен қолбасшылар қабылдаған шешімдердің негізінде бірінші кезең барысында әскерлер оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауы қажет. Оның ішінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының "Өзара іс-қимыл", "Іздеу" және "Эшелон" оқу-жаттығулары да бар. Бұл бірлескен маневрлер ҰҚШҰ-ның Қорғаныс министрлері кеңесі мен Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің 2018 жылғы 8 қарашадағы шешіміне сәйкес, Ұйымға мүше елдердің бірінің аумағында жыл сайын өткізіліп тұрады.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
"Эшелон-2022" арнайы оқу-жаттығуында әскерлерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері пысықталатын болады. Оқу-жаттығудың бірқатар элементтерінің жұмыс істеуі, оған қоса теміржол көлігімен тасымалдау, жанар-жағармай құю және оқ-дәрілерді жеткізу, дала жағдайында қару-жарақ пен техниканы жөндеу, заттай, азық-түлік және медициналық қамтамасыз ету ұйымдастырылады.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
"Іздеу-2022" арнайы оқу-жаттығуы Ұйымға мүше мемлекеттер барлау органдарының күштері мен құралдарымен барлауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша оқу-жауынгерлік міндеттерді орындауға бағытталған.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
"Өзара іс-қимыл-2022" командалық-штабтық оқу-жаттығуы Ұжымдық қауіпсіздіктің Орталық Азия өңіріндегі қарулы қақтығысты оқшаулау бойынша бірлескен операцияларын дайындау мен оларды өткізу мәселелерін пысықтауды көздейді.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі