Қырғыз елі өз аумағында ҰҚШҰ оқу-жаттығуларын өткізу туралы шешімнің күшін жойды

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қырғыз Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығы ҰҚШҰ елдерінің бітімгершілік күштерінің "Бұзылмас бауырластық-2022" командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізу туралы шешімнің күшін жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арнайы оқу-жаттығу 10-14 қазан аралығында қырғыз еліндегі "Эдельвейс" полигонында өтуі керек болатын.

ҰҚШҰ ресми сайтында да аталған іс-шаралар күнтізбеден алынып тасталды.

Айта кетейік, "Бұзылмас бауырластық - 2022" оқу-жаттығуына Тәжікстанның Қарулы Күштері қатысуы керек болатын. Полигонда бітімгершілік операциясын жүргізу және атысты тоқтату режимін қамтамасыз ету жағдайы пысықталуы тиіс еді.

16 қыркүйекте таңертең қырғыз-тәжік шекарасындағы бірнеше учаскелерде атыс басталды.

Лейлек және Баткен аудандарындағы елдімекендерге оқ жаудырылды. Қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыс салдарынан Баткен және Лейлек аудандарының жеті ауылының, Ош облысы Чон-алай ауданының Жекенді ауылының тұрғындары үйлерін тастап, бас сауғалай қашты. 198 адам зардап шекті, 62 адам қаза тапты. Баткен облысында ТЖ режимі енгізілді.

Қырғыз Республикасының Бас прокуратурасы Қылмыстық кодекстің "Бейбітшілікке қарсы қылмыстар" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

25 қыркүйекте қос мемлекет бейбітшілік пен жағдайды реттеу туралы хаттамаға қол қойды.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды