Алматыда әскери қызметші өртке қойып кетіп, екі баланы анасымен бірге аман алып шықты

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Cержантқа таңертең жақын маңдағы жатақханада өрт болып жатқандығы туралы қоңырау келіп түскен. Ол еш ойланып жатпастан оқиға орнына бірден тартып, адамдарды құтқаруға ұмтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 15 желтоқсанда таңғы сағат 4 шамасында Алматыда жатақханада тұратын Құрлық әскерлері Әскери институтының әскери қызметшісі, 3-сыныптағы сержант Жандос Барлыбаев көрші ғимаратта өрт болып жатқандығы туралы телефон арқылы таныстарынан білген.

Жандос тез киініп, сыртқа жүгіріп шыққанда көрші жатақхананың 2-ші қабаты өртеніп жатқанын көреді. Ол  терезелердің сыртындағы торлар арқылы екінші қабатқа тез көтеріліп, өртенген бөлме ішінен 12-13 жас аралығындағы жасөспірім мен төрт айлық нәрестені алып шықты, сонымен қатар олардың анасының да сыртқа шығуына көмектескен. 

Әскери қызметшінің ержүрек әрекеті туралы Құрлық әскерлері Әскери институтының басшылығына төтенше жағдайлар бөлімшесінің қызметкерлері хабарлаған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды