Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорынның 90 жылдығын мерекелеуге орай 2022 жылғы 26 тамызда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, әкімдік, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің және Нұр-Сұлтан қаласының медициналық ұйымдары басшыларының, сондай-ақ, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың жедел медициналық жәрдем станциялары басшыларының қатысуымен Ғылыми-практикалық конференция өткізуді жоспарлап отыр.
Осы іс-шара аясында медициналық техника мен жабдықтардың көрмесі ұйымдастырылады. Конференцияда шұғыл медициналық көмек, Ұлттық аккредиттеу, корпоративтік басқару, менеджмент, сенімгерлік басқару, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, медициналық білім беру, сапаны бақылау, кәсіподақ қызметі, медициналық жабдықтар және басқа да салалардағы сарапшылар спикер болады. Конференция шеңберінде Израиль сарапшысының қатысуымен мастер-класс өткізіледі.
Конференцияның өтетін орны: Нұр-Сұлтан қ., «Думан» қонақ үй кешені, басталуы сағат 08:30-да.