Астанада Әскери-теңіз күштерінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Оркестрдің сүйемелдеуіндегі әскери марш, теңізшілердің салтанатты киімі, қоғам өкілдері, "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, әскери қызметшілердің отбасы мүшелері, осы әскер түрінің ардагерлері мерекелік көңіл-күйдің сәнін келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

1993 жылдың 2 сәуірінде Мемлекет басшысының Жарлығымен елдің Әскери-теңіз күштері құрылды. Қарулы күштердің дербес әскер түрі ретінде олар "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлық шыққаннан кейін 2003 жылдың 7 мамырында түпкілікті қалыптасты.

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамы мен шараға қатысушылардың бәрін тарихи оқиғамен құттықтады.

"Сіздер еліміздің Қарулы Күштерімен бір сапта Жаңа Қазақстанды құрудың стратегиялық бағдарламасын дәйекті түрде іске асырасыздар. Мемлекеттің қауіпсіздігін, азаматтардың бейбіт өмір сүріп, еңбек етуіне атсалысып, құрметті әрі жауапты міндетті орындап жүрсіздер", – деді ол.

Бұл әскер түрінің қалыптасуы мен дамуының бастауында тұрған Әскери-теңіз күштерінің ардагерлеріне ерекше алғыс айтылды.

Қарулы күштердің ардагері, курсанттан бастап Тәуелсіз Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысына дейінгі әскери өмір мектебінен өткен контр-адмирал Ратмир Комратов бұл әскер түрінің қалай қалыптасқаны жайлы естеліктерімен бөлісті.

Салтанатты жиында корабльдердің үздік экипаждары марапатталды. Қызметтегі жетістіктері үшін полковник Уәлихан Сүлейменов, подполковниктер Иван Понамаренко және Алексей Шпилев, 3-дәрежелі капитан Василий Агапитов және 3-сыныпты старшина Ғалымжан Төлембаев атап өтілді.

Бүгінде Әскери-теңіз күштері Каспий теңізінің акваториясында елдің ұлттық мүдделерін қорғауға қабілетті заманауи корабльдермен, қарумен және техникамен жарақтандырылған.

Шара Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы қойған концертпен аяқталды.


Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты