Жылжымайтын мүлік бағытындағы мемқызметтер екі апта бойына қолжетімсіз болады

Сурет: freepik
Жаңа ақпараттық жүйеге көшуге байланысты "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" уақытша, яғни 2023 жылдың 26 сәуірінен 9 мамырына дейін жұмыс істемейді. Соған сәйкес, жылжымайтын мүлік бағытындағы қызметтер өтінімдерді қабылдауды тоқтатады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2023 жылдың 26 сәуірі мен 9 мамыры аралығында еліміздің ХҚКО-ларында жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлікті тіркеу және жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру саласында қызметтердің барлық түрлерін көрсетпейтінін хабарлаймыз", делінген "Азаматтарға арналған Үкімет" МК хабарламасында.

Мемлекеттік корпорация 26 сәуірге дейін қызметке тапсырыс беріп үлгерген азаматтар көрсетілген мерзімде оған қол жеткізе алатынын да нақтылайды.


"Сонымен қатар, биыл 2-9 мамыр аралығында eGov.kz порталы арқылы жылжымайтын мүлікті ресімдеуге әрі техникалық тексеруге құжаттарды онлайн қабылдау, нотариустар, салық жүйелері арқылы, екінші деңгейдегі банктер және ҚР Әділет министрлігінің атқарушы органдарының жүйелері бойынша қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз. Одан бөлек, көрсетілген кезеңде азаматтар тұрғын үй бағдарламаларына байланысты қызметтерді пайдалана алмайды". "Азаматтарға арналған Үкімет" МК" баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Президент 2026 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қатысушыларын марапаттады