Астанада "Вашингтон" тұрғын үй кешені сүрілмейтін болды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Астанада сот шешімімен сүрілуге жатқызылған "Дублин" және "Вашингтон" тұрғын үй кешендеріне қатысты қалалық әкімдік ақпарат таратты. Құрылыс компаниясымен шарт жасаған азаматтардың мүдделері сақталып, әркім өз пәтерлерін алатындығы да нақтыланады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Дублин" тұрғын үй кешенінің құрылысы рұқсат құжаттарынсыз жүргізілген. Ш.Айтматов пен Ж.Молдағалиев көшелерінің қиылысындағы жер алдын ала анықталып, жылу трассасының құрылысына бөлінген. 

"Осыған байланысты бұл учаскедегі құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Орнатылған қадалар демонтаждалып, рұқсат етілген жерге ауыстырылады. Құрылыс компаниясымен шарт жасаған азаматтардың мүдделері сақталып, әркім өз пәтерлерін алатын болады". Астана қаласы әкімдігі

Ал "Вашингтон" тұрғын үй құрылысы ары қарай жалғаса беретін болды.


"Вашингтон" тұрғын үйі бойынша - құрылыс компаниясына жіберілген ақауларды жойып, барлық қажетті рұқсат құжаттарын рәсімдеу тапсырылды", делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетсек, Астанадағы "Дублин", "Вашингтон" тұрғын үй кешендерін сүруге қатысты қалалық әділет департаменті түсінік берген болатын. Қос құрылыс нысанын сүруге барғандарға компания өкілдері кедергі келтірген.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті