EGov.kz: Жылжымайтын мүлік пен жерге қатысты қызметтер үш күнге уақытша тоқтатылады

Сурет: Zakon.kz
16-18 маусым аралығында "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" жаңа ақпараттық жүйесіне көшу жұмыстарының екінші кезеңі өтеді. Осыған байланысты жылжымайтын мүлік және жер кадастры саласы бойынша көрсетілетін қызметтер уақытша қолжетімсіз болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Цифрлық даму министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі және Әділет министрлігімен бірлесіп жер және жылжымайтын мүлік саласы бойынша бірыңғай ашық деректер базасын құрды. Бұл "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" жаңа ақпараттық жүйесіне көшу шеңберінде жасалды.


"ЖМБ МК-ны енгізудің арқасында онлайн сауда-саттық арқылы жер учаскесін беру жобасы іске асырылатын болады. Бұл қызмет жер учаскелерін беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді. Қызметті алу жолдары Электрондық үкімет порталын, ЖМБ МК, өңірлік геоақпараттық жүйені (ӨГАЖ) және ҚР ҚМ электрондық сауда-саттық алаңын (ЭСА) интеграциялау арқылы іске асырылды. Осының есебінен өтінішті қарау кезінде цифрлық бақылау қамтамасыз етіледі және әкімдіктердің өтініштен негізсіз бас тартылған жағдайларын толық тексерістен өткізетін болады", делінген құзырлы министрлік хабарламасында.

Осыған байланысты 16-18 маусым аралығында деректерді жаңа ақпараттық жүйеге көшіру жоспарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды