Ақтөбеде "Taza Qala" акциясы өтті

Сурет: Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығы
8 тамызда Ақтөбе қаласының жастар ресурстық ортылығының ұйымдастыруымен "Taza Qala" акциясы өтті. Акция аясында қала жастары Ақтөбе су қоймасының жағалауын қоқыстан тазалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республикалық Жастар күнін атап өтуге арналған Тұжырымдама аясында 7-9 тамыз аралығында "Жастар Елге!" кешенді іс-шарасы аясында "TAZA ALEM" волонтерлық бағыты бойынша өткен экологиялық акция қала жастарының бойына патриотизмді насихаттап, табиғатты аялауға, қорғауға, қоршаған ортаны  таза ұстауға шақыру мақсатында жүзеге асырылды.  


Сурет: Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығы


Акцияға орталық басшысы Нұрсұлтан Қожабеков пен орталық қызметкерлері, Астана және Алматы аудандарының Пробация қызметінің қызметкерлері, студенттер мен белсенді жастар, қоғамдық бірлестік мүшелері жалпы саны 60 жуық адам қатысты. 


Сурет: Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығы


Халықаралық жастар күні қарсаңында өткен акцияға қатысушылар орталық тарапынан санитарлық құрал - жабдықтармен (тырма, күрек, сыпырғыш) және қапшықтар, арнайы қолғаптар мен экологиялық акцияға арналған футболка, кепкалармен қамтамасыз етіліп, олардың тасымалы үшін 3 автобус көлігі шығарылды. 


Сурет: Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығы


Орталық тарапынан жағалауларды тазалау жұмыстары дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.


Сурет: Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығы


 12 тамыз – Халықаралық жастар күні екенін баса айта кетелік.  

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды