Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодардағы IT Hub-та болды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінің негізінде құрылған аймақтық IT-Hub қызметімен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, мұнда ақпараттық қауіпсіздік және машина жасау саласының болашақ мамандары ІТ-нарықтағы заманауи машықтарды меңгеріп, бизнес серіктестер табады.

Қала оқушыларына мектеп жасынан кәсіптік бағдар беру үшін IT Hub базасында "Робототехника", "Графикалық дизайн", "3D-прототиптеу" бағыттары бойынша курстар ұйымдастырылған.

Сондай-ақ ересектерге арналған компьютерлік сауат ашу курсы бар.

Президент желілік және жүйелік басқару, 3D-прототиптеу зертханаларын, сондай-ақ металды лазермен кесу цехын аралап көріп, оқытушылармен әңгімелесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың жетістіктеріне жоғары баға беріп, еліміздің келешегі жоғары технологиялардың даму деңгейіне байланысты екенін атап өтті.

"Бір ғана Павлодар облысында осыншама талантты жастар бар. Сондықтан сіздер еліміздің экономикасын дамытуға елеулі үлес қосатындарыңызға ешқандай күмәнім жоқ. Мен жастарға әрдайым көңіл бөлемін. Біздің жастарымыз, ең алдымен, ұқыпты, еңбекқор, ойы ұшқыр, креативті, іскер болуы керек. Мен жастарға үлкен үміт артамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Сурет: akorda.kz


9 тамызда таңертең Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен келіп жетті.

Бірінші кезекте ол Екібастұз жылу электр орталығында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Сонымен қатар, Тоқаев алдағы Жолдауында қандай мәселелерді қозғайтынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Алматы хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған әйел жазалануы мүмкін