Смайылов газ өңдеу қуатын арттырушы жаңа зауыттарды салуды тездетуді тапсырды

Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов North Caspian Operating Company N.V. басқарушы директоры Оливье Лазардың қатысуымен Қашаған консорциумына акционер компаниялардың басшыларымен кездесу өткізді, деп ххабарлайды Zakon.kz.

Кездесуде Консорциум қызметіндегі өзекті мәселелер, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және республиканың табиғатты қорғау заңнамасының сақталуы талқыланды.

"Үкімет басшысы елімізді мұнай-газ ресурстарымен қамтамасыз етуде Қашағанның рөлі маңызды екенін атап өтті. Бұл тек өндіру операцияларына ғана емес, сонымен бірге көмірсутек шикізатын кешенді өңдеуге де қатысты. Осыған байланысты Мемлекет басшысының халыққа Жолдауындағы тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде газ өңдеу қуатын арттыру үшін жаңа зауыттардың құрылысын тездету қажеттігі айтылды", деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, Премьер-министрдің айтуынша, Консорциумның негізгі міндеті экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, кен орындарын толық игеру мәселелері болуға тиіс.


Сурет: primeminister.kz


"Біз Консорциумның мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделіміз", — деді Әлихан Смайылов.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында туындайтын барлық мәселелерді ҚР заңнамасында бекітілген құқықтар мен міндеттерді сақтай отырып, сындарлы жолмен шешуге дайын екендіктерін білдірді.

Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды