Вице-министрлер тағайындалды. Үш министрлікте кадрлық ауыс-түйіс болды

Сурет: primeminister.kz
2024 жылы 19 сәуірде Қуандық Қажкенов, Батырбек Әбдішев және Ростислав Коняшкиннің әрқайсысы әр министрліктің лауазымды қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚР Үкіметінің қаулыларымен Қажкенов Қуандық Жұмабекұлы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі, Әбдішев Батырбек Қадырбекұлы төтенше жағдайлар вице-министрі, Коняшкин Ростислав Анатольевич цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды" делінген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қуандық Қажкенов 1984 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген. С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетін, "Көкше" Академиясын бітірген. 

Еңбек жолын 2006 жылы жеке компанияда инженер-электрик болып бастаған. 

2008-2009 жылдары – ғылыми-техникалық орталықта инженер-жобалаушы.

2009 жылдан бері "Мемсараптама" РМК құрылымында қызмет етті.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – "Мемсараптама" РМК бас директоры.

Батырбек Әбдішев 1977 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. ҚР Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы шекара-командалық училищесiн бітірген.

Түрлі жылдары арнайы мемлекеттік органдарда, оның ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет еткен.

Ростислав Коняшкин 1989 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2011 жылы жеке ұйымда кеңесші болып бастаған.

Түрлі жылдары ақпараттық-коммуникациялық салада, "Азаматтарға арналған үкімет" ҚЕАҚ, Жасанды интеллект саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерді қолдау қорында жұмыс істеген. 

2021 жылдан бері қазіргі уақытқа дейін – "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқармасының төрағасы.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді