Шоколад трюфельдерінің дұрыс таңбаланбауы денсаулығыңызға қаншалықты қауіп төндіреді

Шоколадты трюфельдер сияқты тәтті өнімдер әркез тәттіқұмарлардың назарынан тыс қалған емес. Егер мұндай өнімдер тиісті ақпараттарынсыз сатылса, онда олардың денсаулыққа қауіптілігі артатынын түсінген жөн.

Осы жылдың шілде айында Көкшетаудағы супермаркеттердің бірінен "МОТҚҚҚ" ҚБ өкілі сатып алған "DELAFAILLE CHOKOLAITER-BELGIUM Coffee Fancy cocoa dusted truffles" шоколадты трюфельдерінің қаптамасында негізгі ақпараттардың болмауының арғы жағында қандай ықтималдардың жасырылуы мүмкіндігін осы жолы қарастырмақпыз.

Сурет: Жанна Биятан

Сыртқы қаптамасының жоғары сапалылығы – тұтынушы тарапынан өнімнің қауіпсіздігіне ТОЛЫҚ баға беруге жарамсыз болып шықты. Нәтижесінде, жасалған шартқа сәйкес, салмағы 200 г трюфельдер ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақмола облысы бойынша ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына кешенді зерттеуге ұсынылды. Зерттеулер Кеден одағының "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/2011, "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011, "Қаптамалардың қауіпсіздігі туралы" 005/2011 техникалық регламенттеріне сәйкестігіне қатысты жүргізілді (05.07.24 ж. №РО-24-08771/280, 01.07.24 ж. №РО-24-08572/180,  09.07.24 ж. №РО-24-08756/70, 09.07.24 №РО-24-08756/166 зерттеу хаттамалары).

Сурет: Жанна Биятан

Анықталған бұзушылықтар және олардың қауіптілігі

"ҚазақстанРеспубликасындағы Тіл туралы" заңының 21-бабына және ҚР "Тұтынушылардыңқұқықтарын қорғау туралы" заңының 25-бабы 3-тармағына сәйкес, қаптамадағы ақпараттар қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді болуы тиіс. Ресми тілдердегі ақпараттың болмауы өнімді түсіну мен пайдалануды қиындатады және ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 7-бабына сәйкес, бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – ақпарат ұсынылмаған болып саналады.

Сарапшылардың пікірлері

"Қаптамадағы негізгі ақпараттың болмауы заң талаптарын бұзып қана қоймай, тұтынушылардың денсаулығына қауіп төндіреді. Тиісті таңбаланбаған өнімдер аллергиялық реакцияларды, тағамнан улануды немесе басқа да жағымсыз салдарларды тудыруы мүмкін. Тұтынушылар қаптаманы мұқият тексеріп, толық емес немесе жалған ақпараты бар өнімдерді сатып алмағаны жөн". Заңгер, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы сарапшы Әлия Әлибекова

Тұтынушыларға арналған ұсынымдар

Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында көзделген тиісті шараларды қабылдау мақсатында зерттеу материалдары мен олардың нәтижелері құзырлы органдарға жолданды.

"МОТҚҚҚ" ҚБ ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 41-бабы 8 және 14-тармақтарына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарында тұтынушылардың проблемалары мен құқықтарына қатысты ақпараттарды зерттеуге және таратуға құқылы. сондай-ақ тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасы жөніндегі зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға жәрдемдесетін өзге де ақпараттарды таратуға міндетті.

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан және басқа да ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Аталмыш фактіге қатысты туындаған сұрақтар бойынша байланыс телефоны: 87054222739. Instagram.

Тұтынушылық бақылау
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: