Шымкенттік ЖҚАЖ жауынгері қоян-қолтық ұрыстан жүлделі орынға ие болды

Сурет: ҚР ІІМ
Айжан Ғанимұратқызы 2021 жылдан бастап жылдам қимылдайтын арнайы жасағында қызмет атқаруда.

Тамыз айының 8-10 күндері аралығында Тараз қаласында өткен қоян-қолтық ұрыстың, жекпе-жек түрінен ересектер арасында Қазақстан Республикалық чемпионатында 70 келі салмақ дәрежесінде күресіп, Шымкент қаласы полиция департаменті жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Анарбай Айжан Ғанимұратқызы жүлделі екінші орынға ие болды.

Айжан Ғанимұратқызы 2021 жылдан бастап жылдам қимылдайтын арнайы жасағында қызмет атқаруда. Бұған дейін ММА бойынша спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері, Азия чемпионатында жүлделі орындар иегері атанған. Сонымен қатар 15 жыл карате, джиу-джитсу спорт түрімен айналысқан. Азия және Қазақстан чемпионы атағына ие болған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді