Ақтөбеде Әкелер күніне арналған "Менің әкем" мерекелік бағдарламасы өтті

Әкелер күні, Ақтөбе, Менің әкем, мерекелік бағдарлама , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2026 21:13 Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақтөбеде Әкелер күніне орай "Менің әкем" атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Қаланың орталық демалыс орындарының бірі – "Астана" саябағында өткен шараға тұрғындар мен қонақтар көптеп жиналды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараның басты мақсаты – әкенің отбасы мен қоғамдағы рөлін дәріптеу, әке мәртебесін көтеру, отбасылық құндылықтарды нығайту және жас ұрпаққа өнегелі әкелердің үлгісін насихаттау.

Мерекелік бағдарламаның маңызды бөлігінің бірі – "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының қалалық кезеңі жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі болды. Сонымен қатар қоғамдық өмірге белсенді араласып, өнегелі отбасы қалыптастырып, бала тәрбиесіне елеулі үлес қосып жүрген әкелерге құрмет көрсетілді.

Мерекелік бағдарлама, Ақтөбе, Әкелер күні, Менің әкем , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2026 21:13

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мереке аясында саябақ аумағында тұрғындарға арналған түрлі танымдық және ойын-сауық алаңдары жұмыс істеді. Қонақтар тақырыптық кітап көрмесін тамашалап, ұлттық және спорттық ойындарға қатысты. Сондай-ақ ағаш пен былғарыдан жасалған ұлттық қолөнер бұйымдары ұсынылған "Дәстүр" брендінің көрме-жәрмеңкесі көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Балалар үшін арнайы ойын алаңы ұйымдастырылып, ұлттық нақыштағы фотоаймақтар безендірілді. "Әке мұрасы" алаңында қолөнердің әртүрлі түрлері бойынша шеберлік сабақтары өткізілді.

Мерекелік бағдарлама, Ақтөбе, Әкелер күні, Менің әкем , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2026 21:13

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Келушілер ерекше қызығушылық танытқан алаңдардың бірі – "Қаһарман әкелер мамандықтары" көрмесі болды. Мұнда құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, құтқарушылардың, өрт сөндірушілердің және кинологтардың қызметі таныстырылды.

Әкелер күні, Ақтөбе, Менің әкем, мерекелік бағдарлама , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2026 21:13

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ал "Әкеммен сурет" арт-аймағында арнайы шақырылған суретшілер әкелерімен бірге келген қатысушылардың қарындашпен салынған портреттерін әзірлеп, мерекеден естелік сыйлады.

Әкелер күні, Ақтөбе, Менің әкем, мерекелік бағдарлама , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2026 21:13

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасып, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әкелер күніне арналған тағылымды шара отбасылық құндылықтарды насихаттап, әке еңбегіне деген құрметті арттыруға бағытталған маңызды мерекелік іс-шаралардың біріне айналды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: