Астанада қала күніне орай ұйымдастырылған мерекелік отшашу қалай өтті

Астанада қала күніне орай ұйымдастырылған мерекелік отшашу қалай өтті , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2025 09:11 Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің ақпаратынша, отшашу 23:00 шамасында Ботаникалық бақ аумағынан атылды. Оның жалпы ұзақтығы – 5 минут, ал атылған фейерверк саны – 1 700-ден асты.

Сондай-ақ, әкімдік шараның демеушілердің қолдауымен өткендігін атап өтті.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Белгілі болғандай, Астана күніне орай елордада 100-ден астам әртүрлі бағыттағы іс-шара өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерттер, шоу, театрландырылған қойылымдар, көрмелер, спорттық жарыстар және басқа да ерекше іс-шаралар ұйымдастырылды.

"Астана Арена" стадионы маңындағы үлкен концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Олардың қатарында Қазыбек Құрайыш, аты аңызға айналған "Дос-Мұқасан" тобы, жастардың сүйікті тобы 6elucci, Жанар Дұғалова, Әли Оқапов, Лимба, Атилла, Аро, Жұбаныш Жексен, Назима, Ильхан және Тұрар бар",- деп жазды әкімдік.

Бұған дейін Тоқаевтың қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтағанын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: