Алматыдағы "Көктөбе" телемұнарасы Домбыра күніне орай мерекелік жарықпен көмкерілді

Алматының ең көрнекті орындарының бірі "Көктөбе" телемұнарасы Ұлттық домбыра күніне орай ерекше жарықпен айшықталып, мерекелік кейіпке енді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұнараның қасбетіне домбыраның бейнесі, әуенді ноталар, ұлттық өрнектер мен "Ұлттық домбыра күні құтты болсын!" деген құттықтау жазу пайда болды.
Атаулы күнге орай Республика сарайының алдындағы Абай алаңында дәстүрлі және эстрада жанрындағы танымал өнер иелерінің қатысуымен мерекелік концерт өтті.
Қала тұрғындары мен қонақтарын Алматы әкімі Дархан Сатыбалды құттықтап, бұл күннің ұлттық рух пен мәдени болмысты бекемдеудегі айрықша маңызын атады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript