Алматы қаласы күніне орай "Көктөбе" телемұнарасы айналаға ерекше жарық шашатын болады
Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Алматы қаласы күніне орай "Көктөбе" телемұнарасы айналаға ерекше жарық шашатын болады. Мегаполис тұрғындары дәстүр бойынша қыркүйектің үшінші жексенбісінде, яғни биыл 15 қыркүйекте Қала күнін атап өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматылықтар мен қала қонақтары "Алматы – ортақ үйіміз" акциясы аясында қала аудандарында өтетін түрлі мерекелік іс-шараларды тамашалаумен қатар, кешкі уақытта қаланың басты нысандарын мерекелік жарықтандыруды көре алады. Бұл жарқын көрініс барлық тұрғын мен туристер үшін мерекелік құттықтаудың белгісі іспетті", делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.
Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Телемұнараның салтанатты жарығы бұған дейін 30 тамызда іске қосылған болатын. Ол келесі кесте бойынша жұмыс істейді:
- күн сайын сағат 20.00-ден 5.00-ге дейін мұнара фондық режимде прожекторлармен жарықтандырылады.
- мереке күндері сағат 21.00-ден 2.00-ге дейін мультимедиялық мерекелік видеоролик қосылады. Сағат 02.00-ден 5.00-ге дейін құрылым прожектормен жарықтандырылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript