Алматыда "Көктөбе" телемұнарасы сан түрлі түске боялды
Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Конституция күніне орай "Көктөбе" телемұнарасы мерекелік реңке ие болып, қаланың ерекше символына айналды. Алматы қаласы әкімдігі 30 тамызда кешке түсірілген осы салтанатты сәттің видеосын әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Биіктігі 370 метрден асатын бұл сәулет өнерінің кереметіне енді 185 прожектор арқылы түрлі бұрыштан жарық түсіріледі. Мұнара ғимараттың 10 деңгейін бірдей жарықтандыратын LED-модульдері бар жарық жолағынан тұратын айрықша медиа қасбетпен жабдықталған, соның арқасында мультимедиялық шоу ерекше әсерлі көрінеді", делінген әкімдік хабарламасында.
Телемұнараға жарық беру мынадай кесте бойынша жұмыс істейді:
- күн сайын сағат 20.00-ден 2.00-ге дейін мұнараның өзінде динамикалық жарықтандыру қосылады;
- 2:00-ден 5:00-ге дейін мұнара фондық режимде прожекторлар арқылы жарқырайды;
- мереке күндері 21:00-ден 2:00-ге дейін мультимедиялық мерекелік бейнеролик қосылады;
- сағат 2:00-ден 5:00-ге дейін прожектор арқылы жарықтандыру іске қосылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript