Қызметтік иттер «Көктөбе» маңынан қару-жарақ тапты
Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Алматы қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында «Көктөбе» телемұнарасы маңындағы бұталардың арасынан арнайы үйретілген ит екі мылтық тапты, деп хабарлайды Zakon.kz
Төңіректі кинолог-инспектор қызметтік-іздестіру итімен тексерді. Олар бұталардың арасынан екі мылтық тапты. Табылған затты тергеу-жедел тобы тәркілеп, қарудың шығу тегі мен иесін анықтау мақсатында сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев
Полиция қызметкері бұл қарудың жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланып, қылмыстық мақсатқа пайдаланылған болуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
Сонымен қатар, ол заңсыз қару сақтаған азаматтарға оларды өз еркімен тапсыруға мүмкіндік берілгенін еске салды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript