Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 64 адам жауапқа тартылды

Тәртіпсіздік-2022, Алматы, Нұр-Сұлтан, "Құқықтық тәртіп", сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2022 11:47 Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы ПД
Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, Құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қорғауды қамтамасыз етуде. Елорда аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұр-Сұлтандағы жағдай бақылауда. Күдікті тұлғалар мен тыйым салынған заттарды анықтау үшін алты бақылау-өткізу пунктінде көлік қозғалысы тәулік бойы тексеріліп жатыр. Төтенше жағдай режимі жарияланған сәттен бастап мемлекеттік орган белгілеген талаптарды орындамаудың 64 дерегі тіркелді.Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті

Полицейлер кінәлілерге қатысты сот шешім қабылдайтынын атап өтті.

Полиция департаментінің мәліметінше, Елорда аумағында криминогендік жағдайды тұрақтандыру, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдай кезінде қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

Осыған байланысты аулаларды және пәтерлерді аралау жүргізілуде, елордаға заңсыз келген немесе тұрып жатқан шетел азаматтарын тексеру жүргізілуде.

Нұр-Сұлтан, Алматы, бүлікшілер, тәртіпсіздік-2022, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2022 11:47

Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы ПД

Бір тәулікте қалада 13 қылмыс тіркелді. 62 жол-көлік оқиғасы болды, жарақат алғандар жоқ. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін 1 жүргізуші ұсталды.

"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы аясында 311 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде 111-і қалада тұру ережелерін бұзу, 37-сі қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішу және 47-сі көші-қон заңнамасын бұзу.

Полиция қызметкерлері Сембинов көшесінде орналасқан "Гастробар" әкімшілігінің коменданттық сағатты бұзу фактісін анықтады. Ойын-сауық мекемесінің иесіне қатысты төтенше жағдай және карантин режимін бұзғаны үшін бірден 2 әкімшілік іс қозғалып, жұмыс лицензиясын кері қайтару мәселесі қаралады.

Қалада тыныштық пен тәртіпті сақтап, белгіленген коменданттық сағат режимін бұзбаңыздар. Кез-келген құқыққа қарсы әрекеттер үшін қатаң жауапкершілік қарастырылған.Елорда коменданты Ержан Саденов

Учаскелік полиция инспекторлары жалға берілетін 239 пәтер, 597 барақ типті тұрғын үй және 76 хостел тексерген. Нәтижесінде полицияға тексеру мақсатында 161 шетелдік азамат жеткізілген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: