Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада тыныштықты бұзғаны үшін кафе иесіне айыппұл салынды

Астанада тыныштықты бұзғаны үшін кафе иесіне айыппұл салынды , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2024 12:44 Сурет: Zakon.kz
Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында елорда аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы өтті.

Іс-шара өткізілген үш күн ішінде әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 2 201 адам жауапқа тартылды. Оның ішінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін – 30, алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін – 285, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында немесе тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін – 98, қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін – 8, Қазақстан Республикасында тұру кезінде тіркеу ережелерін бұзғаны үшін – 519, тыныштықты бұзғаны үшін – 232 құқық бұзушылық.

Полицияның 102 арнасына Конституция көшесінде орналасқан елордалық мекемелердің бірінде музыка өте қатты ойнап, тұрғындарға демалуға кедергі келтіріп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған факті бойынша кафе иесіне қатысты әкімшілік айыппұл салумен хаттама толтырылды, сондай-ақ мұндай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Алайда қабылданған шараларға қарамастан, аталған кафе тұрғындардың тыныштығын бұзуды жалғастырған.

Полицияға бұл мекемеге қатысты осыған ұқсас хабарлама қайта келіп түскен. Аталған факті бойынша кафе иесіне қатысты 18 460 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салумен ҚР ӘҚБК-нің 437-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылды, сондай-ақ кафе қызметін тоқтату немесе жұмыс режимін шектеу мәселесі бойынша өз құзыреті шегінде пәрменді шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға хат жолданды.

Кафе иесі учаскелік полиция пунктіне шақырылып, профилактикалық әңгіме жүргізілді. Астана қаласының полиция департаменті қала тұрғындарын қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады, кез келген құқық бұзушылық анықталып, жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: