Таңбаланбаған шаш кептіргіш: сәйкестік құжаттары жоқ жабдықты сатып алу нені жасырады

Әйелдер күнделікті өмірін қалай жеңілдетеді? Дәл ұсақ тұрмыстық техникалар Қазақстан нарығында тауарлардың үлкен таңдауын ұсына алады. Шаш кептіргішті немесе шаш түзеткішті таңдауда қиындыққа тап болмас үшін кішкентай қулықты қалай қолдану керектігін "МОТҚҚҚ" ҚБ сарапшылары айтып берді.

"Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ Астана қаласындағы филиалының Сынақ орталығымен және қоғамдық сарапшылармен бірлесе отырып, Қарағанды ​​қаласында 2200 қалыбындағы фен үлгісі Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкестігіне қатысты қатаң зертханалық зерттеулерден өтті.

2024 жылдың 14 тамызындағы № 3145Э сынақ хаттамасына сәйкес, шаш кептіргіш үлгісі зертханада сыналған.

"Қолданыстағы заңнамаға және Кеден одағының 004/2011 "Төмен вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне сәйкес, біз бұл жабдықты сынақтан өткіздік. Бұл техника сапалы тауарға қажетті барлық талаптарға толық сәйкес келмейтіні белгілі болды. Өйткені, таңбаламасы болмаған. Сондай-ақ пайдалану құжаттарында ешқандай ақпарат көрсетілмеген".

Оның ішінде:

  1. Өндіруші елі туралы ақпарат;
  2. Сипаттамалары мен өлшемдері;
  3. Орнату, сақтау және тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату ережелері мен шарттары (қажет болған жағдайда оларға қойылатын талаптарды белгілеу);
  4. Мақсаты туралы ақпарат;
  5. Осы жабдықтың ақаулығы анықталған жағдайда қабылданатын шаралар туралы ақпарат;
  6. Орыс және қазақ тілдеріндегі пайдалану құжаттары жоқ.

Зерттеу хаттамасына сәйкес, тауар өзін жақсы көреткен. Оқшаулаудың бұзылуы немесе бөгеуі болған жоқ.

Сурет: Жанна Биятан

"Техникалық құрал-жабдықтардың электромагниттік үйлесімділігі" стандартына сәйкес хаттамада бұзушылықтар анықталмағаны көрсетілген", – деп толықтырады сөзін сарапшы Ж.Биятан.

"Өнім техникалық құжаттамаға сәйкес жұмыс істейді. Өнімділік сапасы "B", – делінген хаттамада.

Электростатикалық разрядтарға келетін болсақ, құрылғы Техникалық регламентке сәйкес қалыпты жұмыс істейді. Жұмыс істеу сапасы "А".

Оқырмандарға арналған анықтама:

Сарапшының айтуынша, бұл стандарттар тізбесі ерікті негізде қолданылады және Кеден одағының "Төмен вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 004/2011) техникалық регламентінің талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.

Кеден одағының аумағында қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық электр аспаптары, автотауарлары және кез келген басқа да жабдықтардың қабылдау нысанында міндетті

Құжаттардың болмауы немесе дұрыс рәсімделмегені үшін заңда айыппұлдар қарастырылған.

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі тұтынушыларға жабдыққа қойылатын талаптарды белгілейтін техникалық регламенттер тізімін мұқият оқып шығуға кеңес береді:

  1. ТР TS 004/2011 "Төмен вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы"
  2. ТР TS 020/2011 "Техникалық жабдықтың электромагниттік үйлесімділігі"
  3. ТР TS 010/2011 "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы"
  4. ТР КО 037/2016 "Электр және радиоэлектроника өнімдерінде қауіпті заттарды пайдалануды шектеу туралы"
  5. ТР TS 018/2011 "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы"
  6. ТР TS 032/2013 "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігі туралы"

Бірақ бұл мақалада біз алғашқы екеуі туралы айтатын боламыз. Стандарттардың бірінші тізімі – Кеден одағының "Төмен вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы" 004/2011 техникалық регламенті.

Кеден одағының осы техникалық регламенті қолданылатын төмен вольтты жабдыққа 50-ден 1000 В (қоса алғанда) айнымалы ток және тұрақты ток 75-тен 1500 В (қоса алғанда) дейінгі номиналды кернеуде пайдалануға арналған электр жабдықтары жатады.

Ал осы ережелерге сәйкес ресімделген сәйкестікті растау құжаттары: КО ТР сәйкестік туралы сертификаты; КО ТР сәйкестік туралы декларация болып табылады.

Стандарттардың екінші тізімі – Кеден одағының "Техникалық жабдықтың электромагниттік үйлесімділігі" 020/2011 техникалық регламенті.

Осы техникалық регламент Кеден одағының аумағында айналымға енгізілген электромагниттік кедергілер тудыруы мүмкін немесе жұмыс сапасы сыртқы электромагниттік кедергілердің әсеріне байланысты техникалық жабдыққа қолданылады.

Аталмыш регламентті растау үшін осы регламентке сәйкес ресімделген келесі: КО ТР сәйкестік туралы сертификаты; КО ТР сәйкестік туралы декларациясы сәйкестікті растау құжаттары қажет.

Осы стандарттардың барлығында Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарын қолдану және іске асыру үшін қажетті сынамаларды іріктеу ережелерін қоса алғанда, зерттеу (сынау) және өлшеу әдістері бар.

Тауардың техникалық регламенттерге сәйкестігін растайтын құжаттар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінде тауарларды құжатсыз өткізгені үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 45, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 70, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 150 АЕК мөлшерінде. Айыппұл төленеді.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жобасы аясында осы материалды дайындаған "MOТҚҚҚ" ҚБ тұтынушылар құқығын қорғау – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, сонымен бірге азаматтардың өз міндеті екенін де еске салады.

ҚР Заңына сәйкес, "МОТҚҚҚ" ҚБ тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы ақпаратты, сондай-ақ жарнама болып табылмайтын өзге де ақпаратты таратуға құқылы, бұл тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.

Қазақстан Тұтынушылық бақылау
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: