Жалған инвестициялар: алаяқтарды қалай анықтауға болады

Сурет: Kaspi.kz
"Қазір 1000 теңге сал да, ертең-ақ 50 000 теңге ал!" деген сипаттағы жарнамалар жиі кездеседі. Көпшілігіміз бұған сенуге болмайтынын білеміз, мұндай жарнамаларды бірден өткізіп жібереміз. Бірақ егер "инвестиция" салуды танымал блогер, банк немесе ұлттық компания ұсынса ше?

Мұндай ұсынысқа сенуге бола ма, жоқ па, мұны осы материалда айтып береміз.

Алаяқтық схемасы қалай жұмыс істейді?

Кибералаяқтар әлеуметтік желілерде "жаңа инвестициялық платформа" немесе "инвестжоба" туралы жарнама жариялайды. Онда олар шағын салыммен-ақ бірнеше күн ішінде жоғары табыс табуға уәде береді. Бұл — тұзақ. Себебі пайдаланушылар салған ақшаның бәрі тікелей алаяқтардың қалтасына түседі.

Ешкім бірден ірі сома салмайды. Алаяқтар үшін майда сома тиімсіз емес пе?

Алаяқтардың мақсаты — ірі ақша. Алғашында олар сенімге кіріп, адамға шағын сома салғызады. Тіпті, алғашқы салымнан кейін біраз "пайдамен" ақшаны қайтарып береді. Осылайша сенімді күшейтеді. Құрбан толық сенген кезде, ол үлкен сомада инвестиция салуға дайын болады. Дәл осы сәтте алаяқтар бар ақшаны алып, жоқ болады.

Сурет: Kaspi.kz

Жарнама тартымды көрінеді. Оның жалған екенін қалай білуге болады?

Назар аударыңыз, негізгі "қызыл жалаушалар": 

Бейнероликте танымал адам инвестициялық платформаны жарнамалап жатыр. Ендеше, бұл алаяқтық емес қой?

Жоқ. Видеода жұлдыздар, саясаткерлер немесе кәсіпкерлер қатысқан болса да, бұл ешқандай кепілдік бермейді. Алаяқтар жасанды интеллект көмегімен танымал тұлғалардың бейнесін өте шынайы етіп жасап, оларды жарнамада қолдана алады. Ал, шын мәнінде, бұл адамдар бұдан бейхабар болуы мүмкін.

Жарнамада ірі банк немесе ұлттық компания аты аталады. Демек, сенуге болады ма?

Жоқ. Алаяқтар графикалық редакторлар арқылы кез келген логотипті немесе компания атауын жарнамаға қоса алады. Бұл ештеңені дәлелдемейді.

Жарнаманың рас-өтірігін тексерудің жолы бар ма?

Иә, тексерудің бірнеше қарапайым әрі тиімді тәсілі бар:

Шынайы инвестициялық бағдарламаларды жалғанынан ажырататын белгілер бар ма?

Иә, бар. Қазақстанда жұмыс істейтін барлық брокерлер міндетті түрде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жүргізетін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары тізіміне енгізілуі тиіс. Бұл тізімді агенттіктің ресми сайтынан тексеруге болады. Егер инвестициялық платформа атауы бұл тізімде жоқ болса, онда оған ақша сеніп тапсыруға болмайды.

Нағыз брокерді алаяқтан ажырату қиын емес. Ең бастысы — сақтық таныту және интернеттегі жеңіл табысқа уәде беретін жарнамаға сене бермеу.

"Kaspi.kz алаяқтарға қарсы" ақпараттық науқаны аясында фейк инвестицияларға қатысты жаңа бейнеролик жарық көрді. Онда алаяқтардың нақты қалай әрекет ететіні көрсетіледі.

Айта кетейік, Kaspi.kz Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы бейнероликтер сериясын дайындады. Мақсат — халыққа ескерту, алданбауға үйрету. Жаңа бейнероликтер әр екі апта сайын Kaspi.kz-тің ресми YouTube арнасында жарияланады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды