Астана мен Масқат қосарланған салықтан сақтандыратын келісімге қол қойды

Сурет: ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
Астана халықаралық форумы аясында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиев Оман Сұлтандығының Қаржы министрі Сұлтан бен Сәлім әл-Хабсимен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-транзит саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады, сонымен бірге мемлекеттік қаржыны басқару бағытындағы ведомствоаралық қатынастарды дамыту мен екіжақты әріптестік шеңберіндегі басқа да мәселелер туралы пікір алысты.

Мәди Төкешұлының айтуынша, Қазақстан Оман Сұлтандығымен өзара 
іс-қимылдың стратегиялық сипатын жоғары бағалайды және тиімді қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға дайын.Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұлтандығының Үкіметі арасында табыс пен капиталға салынатын салыққа байланысты қосарланған салықтан сақтандыратын, сондай-ақ салықтан жалтаруға жол бермеу туралы келісім мен осыған қатысты хаттамаға қол қойылды.

Аталған келісім салық ісінде заңнамалық негізді қалыптастыруға септесіп, кірістерге байланысты қосарланған салықтың алдын алып, осы арқылы екі мемлекеттің арасында тығыз экономикалық байланысты арттыруға жол ашады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды