"Сұр" емес, жаңа iPhone: смартфонның заңды екенін қалай тексеруге болады

Сурет: unsplash
Қомақты қаражатқа көптен күткен смартфонды сатып алғанда, оның ертең бұғатталмайтынына сенімді болғың келеді. Ал егер сатушы тауарды Қазақстанға заңсыз әкелсе, құрылғы бұғатталуы мүмкін. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін Kaspi.kz өз клиенттері мен серіктестері үшін арнайы сервисті іске қосты

Осы жылдың 25 мамырынан бастап Қазақстанда жаңа ережелер күшіне енді. Егер смартфон елге заңсыз әкелінсе, SIM-карта орнатылғаннан кейін 30 күн өткен соң бұғатталады. Заңды және заңсыз смартфонды құрылғының IMEI-коды* арқылы ажыратуға болады. Егер смартфон барлық талапқа сай әкелінсе, оның IMEI-коды мемлекеттік дерекқорда тіркелген болады. Ал егер бұл «сұр импорт» болса, онда код базада болмайды, демек құрылғы бұғатталады.

Kaspi Магазинде сатушы әрбір құрылғыны міндетті түрде тексеруі тиіс. Тапсырысты клиентке тапсырмас бұрын ол құрылғының IMEI-кодын енгізіп, мемлекеттік тіркеуден өткенін растауы керек. Бұл растаусыз тапсырысты клиентке техникалық тұрғыда жіберу мүмкін емес.

Сонымен қатар, сатып алушының ешқандай күмәні қалмауы үшін, ол смартфонды алғаннан кейін IMEI-кодты өзі де тексере алады. Ол үшін:

Бұл сервисті Kaspi бірнеше ай бұрын іске қосқан. Сонымен қатар Kaspi Магазиннен смартфон сатып алған әрбір клиентке IMEI тексеруге арналған сілтемесі бар push-хабарлама да жіберіледі.

Осындай тәсілдің арқасында Kaspi Магазиннен тіркелмеген смартфон сатып алу ықтималдығы өте төмен. Ал егер сатып алушы IMEI-кодтың мемлекеттік дерекқорда тіркелмегенін анықтаса, сол сәтте тауарды қайтарып, ақшасын толық қайтарып ала алады.

Сондай-ақ Kaspi өз клиенттері үшін тағы бір ыңғайлы сервисті іске қосты. Енді Kaspi.kz қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде кез келген құрылғының IMEI-кодын тексеруге болады, тіпті ол бұрын басқа дүкеннен сатып алынған болса да.

* IMEI-код — SIM-картасы бар әрбір құрылғыға (смартфон, планшет немесе модем сияқты) берілетін 15 таңбалы бірегей халықаралық мобильді жабдық идентификаторы.




Қазақстан
Kaspi.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді

Автобустың есігін өзі жөндеп алып, жүргізуші куәлігінсіз жолаушы тасымалдаған қазақстандық ұсталды

Алматылықтар тұрғылықты жеріне жақын маңда автокөлігін тегін қоя алады