Қызылордада 240 пәтерлік алты көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгін, 2026 жылғы 6 мамырда Отан қорғаушылар күні қарсаңында қала әкімі Нұржан Ахатовтың қатысуымен сол жағалаудағы 240 пәтерлік алты көпқабатты тұрғын үй кешенін иелеріне табыстау рәсімі өтті. Оған мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ел ағалары қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент өз Жолдауында: "Елімізде бірыңғай тұрғын үй саясатын әзірлеу қажет. Негізгі қағидат – тұрғындар, әсіресе, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтар үшін баспананың қолжетімділігін арттыру" деген болатын. Мемлекет басшысының, Үкіметтің тұрақты қолдауының арқасында, облыс әкімінің үйлестіруімен бұл бағыттағы жобалар сәтті жүзеге асырылып келеді.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Соның нәтижесінде, Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, шаһарда жыл басынан бері 655 отбасы қоныс тойын тойлады. Жыл соңына дейін тағы 1 581 пәтер пайдалануға беріледі. Биылдың өзінде бюджеттен тұрғын үй құрылысына 58 млрд теңгеге жуық қаражат бөлініп отыр.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Бұл қаражатқа 31 көпқабатты үй салынады. Оның 945 пәтері ипотекалық, 1336 пәтері әлеуметтік осал топтарға арналған. Ерекше атап өтуіміз қажет, кейінгі жылдары қаламызда заманауи жаңа дизайнмен жеті, тоғыз және он екі қабатты тұрғын үйлер бой көтеруде. Бүгін міне, Өздеріңізбен бірге айтулы мерекелер қарсаңында 6 көпқабатты тұрғын үй кешенін пайдалануға беру үшін жиналдық. 4 млрд 500 млн теңгеге салынған бұл кешеннің аумағы 15 600 шаршы метр, құрылысты Сыр өңірінде талай жылдан бері қолтаңбасы қалған мердігер мекемелер салды. Қоныстарыңыз құтты болсын! Шаңырақтарыңыз жылулық пен мейірімге, балалардың шат күлкісіне толсын. Сіздерге жақсылық, ынтымақ пен бірлік, амандық тілейміз. Елдігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!", – деді қала әкімі.

Жиында тұрғын үйді сапалы етіп салған құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев сөз сөйледі.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі


Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі