2024 жылдың желтоқсан айында басталған құрылыс бүгінде қарқынды жүргізілуде. Бозарық шағынауданында орналасқан кешеннің жалпы аумағы 5,3 гектарды құрайды. Жоба 5 блоктан тұрады және халықаралық талаптарға сай жабдықталмақ, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Орталықта І-ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтарға жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Бұл қызметтер осы санаттағы азаматтардың өмір сапасын арттыруға, олардың қоғамға бейімделуіне және әлеуметтік қолдауды жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталған.
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Кешен аумағында спорт залы, емдік-сауықтыру бассейні, акт залы, үш қабатты оңалту корпусы, кең асхана, екі қабатты стационар және қосымша техникалық нысандар қарастырылған.
Қазіргі таңда құрылыстың 60 пайызы аяқталды. Барлық жұмыс тиісті талаптар мен сапа стандарттарына сәйкес жүргізілуде. Нысан құрылысында 262 жұмысшы еңбек етеді.
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Жобаны 2026 жылдың желтоқсан айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл бастама Шымкенттің әлеуметтік жауапкершілігі жоғары мегаполис ретіндегі әлеуетін арттырып, қала тұрғындары үшін қолайлы әрі қамқор орта қалыптастыруға серпін береді.
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі