"Ауыл – ел бесігі": Қызылорда облысында екі жаңа спорт кешені ел игілігіне берілді

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгін Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаевтың Қазалы ауданына жұмыс сапары барысында аудан тұрғындары үшін маңызды екі спорттық нысан – Қожабақы ауылында және Әйтеке би кентінде салынған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдымен Қожабақы ауылындағы жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу рәсіміне қатысқан аймақ басшысы аймақ басшысы тұрғындарды құттықтап, елді мекендерде кәсіби және бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: "Ауыл – біздің алтын бесігіміз. Ауылдағы тіршілік сапасын жақсартпай, жалпыұлттық дамуды елестету мүмкін емес" деген болатын. Бүгін Өздеріңізбен бірге "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында Қожабақы ауылында салынған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашуға жиналдық. Бір күнде 100 адамды қабылдауға қауқарлы заманауи кешенде бокс, грек-рим күресі, волейбол, футбол және баскетбол сынды спорт түрлерімен айналысуға болады. Бұл ауыл жастарының бұқаралық спортпен тұрақты шұғылдануына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге жол ашады деп сенемін", - деді облыс әкімі.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жұмыс сапары аясында облыс әкімі Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев елді мекендерінің тұрғындарымен кездесіп, халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Сонымен қатар, осы күні Әйтеке би кентінде де "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында салынған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген облыс әкімі өңірде кәсіби және бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

"Мемлекет басшысының қолдауымен бүгінгі пайдалануға беріліп отырған бұл кешенде қазақ күресі, дзюдо, үстел теннисі, волейбол, футбол, гандбол және баскетбол секілді спорт түрлерімен айналысуға барлық жағдай жасалған. Нысан бір күнде 150 спортшыны қабылдай алады. Бұл жерден еліміздің абыройын халықаралық ареналарда асқақтататын чемпиондар тәрбиеленіп шығады деп сенеміз", – деді аймақ басшысы.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен 2022 жылдан бері өңірде 200-ден астам әлеуметтік нысан бой көтерді. Оның 27-сі - спорт кешені, бүгінде ел игілігіне айналды. Бұдан бөлек, Қызылорда қаласында 11 мың орындық "Қайсар Арена" стадионы, "Теннис орталығы", Инклюзивті спорт кешені пайдалануға берілді.

"Қазақстан халқына" қоғамдық қорының қолдауымен Шиелі, Жалағаш аудандарында жаңа спорт кешендері ашылды.

Бүгінде облыс орталығында "Қызылорда Арена" көпбейінді спорт кешенінің, "Қайсар" футбол клубы академиясының құрылысы қарқын алды.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады