Жамбылдық жас өнертапқыштардың жетістіктері сүйсіндіреді

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Облыс әкімі республикалық, халықаралық пән олимпиадаларының, өнер, білім байқауларының, спорт жарыстарының жеңімпазы мен жүлдегері атанған 20 оқушыны марапаттады

Бүгінде жамбылдық жас дарындар мен өнертапқыштардың жетістіктері көптің көңілінен шығуда. Оған ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен «Тәуелсіз елдің дарынды ұландары» атты дарынды жастардың форумында көз жеткізе түстік.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған форумға қатысушылар алдымен дарынды оқушылар мен спортшылардың және жас өнертапқыштардың жетістіктерінен әзірленген көрмемен танысты. Көпшілік назарына ұснылған алғыр жастардың тың жобалары айрықша назар аудартады.

Атап айтсақ, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары арасындағы желілік ғылыми жобалар сайысының 1-орын иегерлері, 9 сынып оқушылары Ақәділ Айту Тасөткел су қоймасын балық ауларынан тазалайтын қондырғы жасап шығарса, Зарифжон Рахимов пластикалық қалдықтардан қалалық каналдарды механикалық тазалау қондырғысын ойлап тапқан. Ал жаратылыстану-математикалық цикл бойынша әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиадасының 1-орын иегері Әлия Анарбаева ақылды есік және оның ерекшеліктері жобасын көпшілік назарына ұсынды. Қондырғы-есік адамның дене қызуын өлшеп, соған сәйкес жұмыс жасайды. Яғни, температурасы жоғары, ауырып тұрған адамға есік ашылмайды. Бұл санитарлық талаптардың сақталуына айрықша назар аударылған қазіргідей уақытта аса маңызды екенін айтпасақ та түсінікті.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, көптің көңілінен шыққан тағы бір жұмыс Тараз қаласының білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығының 8-сынып оқушысы Алижан Сапаралиевтің «Әмбебап сарбаз» роботы. Ол жоғарғы градустағы ыстыққа, төменгі градустағы суыққа да төзімді. «Әмбебап сарбаз» әсіресе өрт, жарылысқа қатысты төтенше жағдайлар кезінде таптырмас көмекші құрал.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұдан бөлек, аталған орталықтың 10-сынып оқушысы Інжу Ғалымжанқызының «Өрт сөндіруші – құтқарушы кемесі», Саллахадди Алихановтың «Көп мақсатты тікұшақ Геракл» секілді жобалары, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ лицей интернатының 10-сынып оқушылары Лес Бекнұр мен Бейбіт Мұраттың "Smart garden" ақылды бау-бақшасы, Сағынбек Рамазан мен Ринат Дидардың  медицинадағы инновациялық көмекші роботы да көрушілерді таңдай қақтырды.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұдан соң «Баласағұн» орталық концерт залында өткен форум барысында жамбылдық оқушылардың табыстары жайлы жан-жақты айтылды.

Бердібек Сапарбаев жас дарындардың еңбегін жоғары бағалап, жаңашыл, білімді жастарды қолдау мүмкіндіктерін кеңейтудің маңыздылығына тоқталды.

Сіздер, дарынды жастар, «Мәңгілік ел» азаматы болуға, ҚР тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидатында көрсетілген биік мақсаттарға жетуге тиіссіздер. Бердібек Сапарбаев

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Елімізде оқушылардың сапалы білім алуларына баса назар аударылып, дарынды оқушыларға үлкен қолдау көрсетіліп отыр.

Барлық аймақта қазіргі заман талаптарына сай ақпараттық технологиялармен жабдықталған жаңа үлгідегі мектептер салынуда. Еліміздің барлық өңірінде Назарбаев Зияткерлік мектептері бар.

Халқымызда «Ұстаздан шәкірт озар» деген жақсы сөз бар. Сіздер Тәуелсіз, болашағы жарқын елдің ұланысыздар! Өмір жолдарыңыз ашық, болашақтарыңыз жарқын болсын, - деген аймақ басшысы оқушылардың сапалы әрі қауіпсіз білім алуы да басты назарда екенін жеткізді.

Облыс әкімі республикалық, халықаралық пән олимпиадаларының, өнер білім, байқауларының, спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегері атанған 20 оқушыны марапаттады.

Тараз
Тәуелсіздікке 30 жыл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты