Қысқы демалыстың ұзақ болуына байланысты оқу жылы ұзартыла ма – БҒМ жауабы

Сурет: Zakon.kz
ҚР Білім және ғылым министрлігі қысқы демалыстың ұзаққа созылуына байланысты оқу жылы ұзартыла ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімова брифингте айтты.

17 қаңтардан бастап үшінші тоқсан басталды. Ал оқу жылының ұзартылуы жайында айту әлі ертерек. Бұл мәселеге қатысты шешім елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып қабылданады. Бұл жайлы ақпаратты кейінірек айтамыз. Күн сайын коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі бойынша талдау жұмыстары жүргізіледі. Соған сай шешім қабылданады. БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова

Бұған дейін Қазақстан оқушылары онлайн форматта білім алатынын жазған болатынбыз.

Тек оқушы саны 600-ден аз мектеп пен 1-2 сынып оқушылары дәстүрлі форматта оқиды. Ал 3-5 сынып оқушылары кезекшілік топтарда сабағын жалғастырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз