Президент білім беру саласын қайта реформалау қажеттігін айтты

Сурет: pixabay
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі білім беру саласы қайта қаралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Мен біздің елдегі білім саласын қайта форматтан өткізгім келеді. Біз экономист, заңгер мен менеджер мамандарын көптеп шығара бастадық. Бірақ бізге қазір білімді техникалық рельске түсіру керек.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев

Сонымен қатар, «Болашақ» бағдарламасына өзгеріс керек екенін атап өтті.

Біз жас азаматтарды оқуға, оның ішінде Ресейге аттандыратын боламыз. Бәлкім, ең бірінші кезекте Ресейге, техникалық жоғары оқу орындарына жіберу керек шығар. Таяуда ғана мен әлемнің жетекші елдерінің филиалдарын техникалық мамандықтар бойынша ашуды тапсырдым. Қазақтар, жас қазақтар ең алдымен технарь болуы керек. Бұл – менің түпкі байламым.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев

Осы мәселе жөнінде Үкіметке егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды. Сондай-ақ, мемлекет басшысы кәсіпкерлерге қарапайым отбасынан шыққан балаларға қолдау көрсетуді ұсынды.

Егер әрбір қаржылық өнеркәсіптік топ заманауи зауыт орнатса, ауылдардан, қала маңынан, ірі қалалардан келген 1000 қарапайым баланы оқытса, оларға жақсы және адал ақша табуға мүмкіндік берсе, бұл әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды кепілі болар еді. Бизнестің бір жауапкершілігі болуы керек. Бұл үшін сіздерде бәрі бар: капитал, тәжірибе, менеджерлер тобы, нарықтың шынайы көрінісі.
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты