«Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Сурет: pixabay
Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде «индустрияландыру кезеңінде ел экономикасына қажет болатын» инженерлік-техникалық бағыттағы отандық кадрларды даярлаудағы тиісті өзгерістер қаралғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Инженерлік-техникалық мамандықтардың тартымдылығын арттыру, ел экономикасы үшін шынымен қажет мамандарды даярлау мақсатында 2021-2023 жылдарға арналған жоғары оқу орындарының тізіміне Ресейдің жетекші техникалық бағыттағы жоғары оқу орындарын қосу бөлігінде өзгерістер енгізілетін болады.

"Ресейлік техникалық жоғары оқу орындарын «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының тізіміне енгізу бойынша жұмыс басталды. Сонымен қатар бағдарламаның 2022-2026 жылдарға арналған даму стратегиясын қайта қарау жоспарлануда", – делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ БҒМ 2022 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия бөлінгенін атап өтті. Оның ішінде 555 стипендия магистратура, резидентура, докторантура, тағылымдама бағдарламалары бойынша бөлінген.

Тағы 500 стипендия «ғалымдар» тағылымдамасының жаңа санаты бойынша бөлінеді.

«Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығына жаңа төраға тағайындалды

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті